-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына қатысты жауап берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, бізде тыйым салу деген оңай. Бірақ тыйыммен барлық мәселе шешілмейді. Ол мұғалім болғаннан кейін балалармен тиісті жұмыс жүргізуі керек. Сонымен қатар, біз барлық мектептерге арнайы құзірет бердік. Ол қандай құзірет ? Әр мектеп өзінің ішкі ережелерін өздері қабылдайды. Соның ішінде телефон қолдану тәртібін де бекітуге болады. Кейбір мектептерде сабақ басталған уақытта балалар телефондарын тиісті жерге қойып қояды. Ал енді кейбір мектептерде кіреберісте арнайы жәшікке қалдырып кетеді телефондарын. Ол бірінші кезекте мектептің қомқоршылық кеңесі мен педагогикалық кеңесінің құзыретінде», — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Брифингі аясында министр шетелдік педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібін де түсіндірді. Айтуынша, педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлер Ұлттық біліктілік тестінен өтуі тиіс.

Қоса кетсек, сонымен қатар таяуда Қазақстанда «Педагог» кәсіби стандарты қабылданады. Мәлім болғандай, оның енгізу жұмыстары аяқталуға жақын.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...