-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзарды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады. Бүгінгі күні веб-порталда тіркелген үміткерлер саны 4,4 мыңнан асты.

«Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің көптігін көріп отырмыз. Сол себепті конкурсқа құжат қабылдауды 25 қыркүйекке дейін, екінші кезеңге қатысу үшін 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзарттық. Конкурсты өткізу тарихында алғаш рет біз оны электронды форматта өткізіп отырмыз. Бұл қатысушыларға байқаудың әр кезеңін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қазір байқаудың үш кезеңі де автоматтандырылған», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Құжат қабылдау 12 қыркүйекте басталған болатын. Байқауға балабақшалардың, мектептердің, колледждердің штаттағы мұғалімдері қатыса алады.

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Арнайы веб-портал арқылы өтінім беруге, конкурс құжаттамасын жүктеп алуға және барлық кезеңдегі ұпайларды бақылауға болады.

Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында да бар.

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Сәлеметсіз бе мен заявка тастап едім байқауға қатысуға өтінім қабылдады. Өттім құрмет грамотасы мен алғыс хаттар мен төсбелгісімен марапатталды деді бірақ 2куннен кейін ақша сұрап отыр 30мың бұны қалай түсінуге болады?

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...