20.05.2024

Кәсіптік біліктілікті растайтын құжат білім туралы дипломмен тең пайдаланылатын болады

Бүгін Мәжілісте депутаттар «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін талқылады.

Құжатты таныстырған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың атап өтуінше, бұл заң жобаларын қабылдау еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің байланысын нығайтатынын, сондай-ақ жұмыс күшіне қойылатын тез өзгеретін талаптарға жауап беруге мүмкіндік жасайды.

«Технологиялық прогресті жеделдету және экономиканы цифрландыру Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасына жаңа талаптар қояды. Айта кету керек, бұрын білім 10 жыл бойы біліктілікті арттырусыз өзекті болды. Бүгінде көптеген мамандықтар бойынша дағдылардың өзектілігі 2 жыл бойы ғана сақталып отыр»,-деді Олжас Ордабаев.

Вице-министрдің айтуынша, Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі-ҰБЖ) келесі сұрақтарға жауап береді: Заманауи мамандар нені білуі және меңгеруі тиіс? Бұл үшін оларды не және қалай оқыту керек? Олардың кәсіптік біліктілігін қалай тануға болады?

«Бұл сұрақтарға жауаптар Ұлттық кәсіптер сыныптауышы, Ұлттық біліктілік шеңбері және оның негізінде әзірленген салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттар сияқты құралдардың көмегімен қалыптастырылатын болады», – деп түсіндірді ол.

Бүгінгі таңда 623 кәсіптік стандарт жұмыс істейді. олар 2689 мамандықты қамтиды. Оларда белгіленген талаптар негізінде білім беру ұйымдары білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Осылайша, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі.

Заң жобасының маңызды жаңалығы – өз бетінше игерілген дағдыларды, сондай-ақ бейресми және ақпараттық білім беру нәтижелерін тану.

«Азаматтар тиісті орталықтарда кәсіптік біліктілігінің бар екенін растайтын құжатты ала алады және егер бұл кәсіптік стандартта көзделген болса, бұл құжатты жұмысқа орналасу кезінде білім туралы дипломмен тең пайдалана алады», – деп атап өтті спикер.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА