17 C
Нур-Султан
26.09.2022

Неміс қызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүр

Елімізде қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілі көп. Солардың бірі – Карина Роот. Карина  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүр деп хабарлады Аstanatv телеарна сайты.

«Тілге құрмет – біздің міндет» дейді тілі қазақ  неміс қызы. Карина қазақы  ортада тәрбиеленген. Сондықтан ол мемлекеттік тілді тез меңгерген. Қазір өзі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Жас маман ана тілінің құндылығы мен құдіретін ұрпақ санасына сіңіру – менің басты мақсатым  дейді.

Карина РООТ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Қазақ ортасында өскендіктен тез үйреніп, қазақ мектебін бітірдім. Сонымен қатар бүгін мен Көкшетау қаласы жас педагогтер одағының төрайымы болып табыламын. Яғни, жас педагогтердің алдына келген қиындықтарды шешуге қолұшымды тигіземін.

Карина бала күнінен ұстаз болуды армандаған. Оны бұған   қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен балаға деген махаббаты жетелеген. Ұлты басқа болса да, тілі қазақ неміс қызы Қазақстанда өмір сүретін әр адам мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қолдан келгенше аянбау керек деп санайды.

Карина РООТ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Кішкентай кезімнен бастап қазақ тілін сүйіп оқыған болатынмын. Мектеп қабырғасында оқығалы бері мұғалім мамандығын таңдап, сол бойынша білім алып, өзімнің арманыма қол жеткіздім. Бүгінгі күні мұғалім болып қызмет атқарамын. Биыл 2-інші жылым мұғалім болып қызмет атқарып жатқаныма.

Көкше жерінде Қазақстан халқы Ақмола  Ассамблеясының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге бағытталған шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Соның бел ортасында Карина да жүреді. Онан бөлек  қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге де  ұлттың өкілдері жетерлік.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...

Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың жоғары білім алуына көмектесеміз – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2006 жылы Шымкентте абайсызда Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларды кездесуге шақырды. «2006 жылы Шымкентте 80-ге...

«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзарды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады....