Home Керекті кеңес НЗМ, БИЛ, РФММ мектептерінің емтиханына қалай дайындалу керек?

НЗМ, БИЛ, РФММ мектептерінің емтиханына қалай дайындалу керек?

0
НЗМ, БИЛ, РФММ мектептерінің емтиханына қалай дайындалу керек?

Маманның айтуынша, дайындықты баланың нақты білімін анықтаудан бастаған дұрыс.

НЗМ, БИЛ, РФММ емтихандарына дайындық курсына сұраныс жыл сайын артып келе жатыр, дейді осы салаға маманданған орталық өкілі. Айтуынша, бұл – ата-аналардың балаларын жақсы оқу орнында оқытуға, сапалы білім алуына айрықша көңіл бөліп жатқанының белгісі, сапалы білімге деген сұраныстың көрінісі.

Осы ретте informburo.kz тілшісі республикалық Qazbilim орталығы директорының НЗМ, БИЛ мектептеріне дайындық бағытындағы орынбасары Таңат Мұратұлымен сұхбаттасып, аталған мектептерге дайындық барысы туралы түсіндірме әзірледі.

№1. Қай сыныптан бастап дайындалу керек?

Ата-аналар баласын көбінесе 6-сыныптан бастап дайындыққа алып келеді. Алайда дайындықты 5-сыныптан немесе 4-сыныптан да бастаған дұрыс. Баланың маңызды оқу кезеңі 5-сынып екенін ескерсек, осы сыныптан бастап дайындалған дұрыс.

Qazbilim орталығы дайындықты 4-5 сыныптан бастайды.

№2. Қандай емтихандар тапсырады?

НЗМ емтиханы 2 кезеңнен өтеді, 1-кезең Математика, Сандық сипаттама, Жаратылыстану пәндерінен өтеді, 2-кезең Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі пәндерінен болады. Екі кезең қатарынан 2 күнде өтеді.

БИЛ емтиханы 2 турдан тұрады: 1-турда Математика, Логика, Қазақ тілі пәндерінен тест тапсырады. 1-турдан өткен оқушы ғана 2-турға жолдама ала алады. 2-турда да тура осы, яғни Математика, Логика, Қазақ тілі пәндерінен тест тапсырады.

РФММ емтиханы 2 кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде FMRT емтихан тапсырып, қажетті ұпай жинағаннан кейін ғана 2-кезең, яғни негізгі кезеңге өтеді.

Негізгі кезеңде Математика және Логика пәндерінен тест тапсырады. Бұл үш емтиханның ұқсастықтары көп, сондықтан оқушылар осы үш мектепке де бірдей дайындала алады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here