19.05.2024

Жайлы мектеп жобасына қанша қаржы бөлінеді?

«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру үшін алдағы үш жылда 2,6 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты.

«Жолдаудың пысықталу деңгейі жоғары іс-шаралары 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасында көрініс тапты. Бұл – «Жайлы мектеп« жаңа ұлттық жобасы. Жоба әзірленді және келісу сатысында тұр. Оны іске асыруға үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасында 2,6 трлн теңге көзделген», – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, 2019 жылы Жамбыл облысында сәтті жүзеге асырылған халықтың табысын арттыру жобасы кеңейтіледі. Оны кезең-кезеңімен кеңейту үшін бюджет жобасында үш жылға 117 млрд теңге қарастырылған.

«2025 жылға қарай жақсы жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізу мақсатындағы шығыстарды жергілікті атқарушы органдар жалпы сипаттағы трансферттер аясында көздеп отыр», – деді Татьяна Савельева.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА