24.05.2024

Жолдауда көтерілген білім мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды – Асхат Аймағамбетов

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім саласына қатысты бірқатар мәселені көтерді. Президент жүктеген міндеттерді шешу мақсатында министрлік жанынан жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Жолдаудағы Президент жүктеген тапсырмалар білім берудегі ең маңызды сұрақтарды қамтып отыр. Оның ішінде балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеріп, жүктемесін төмендету бар. Сол сияқты балабақшамен толық қамту бойынша қосымша іс-шара қабылданады. Одан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы ерекше маңызға ие. Жаңа мектептер қазіргі заманның барлық талабына сай салынатын болады. Бұл сапалы білім беруге әсерін тигізеді. Жалпы жоғарыда айтылған, яғни Жолдаудағы білімге қатысты мәселелер бойынша жұмыс тобы құрылды», – деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат жиналысында.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында және биылғы тамыз кеңесінде көтерілген орта білім саласына қатысты мәселелер кешенді түрде шешіледі.

«Жұмыс тобының құрамында білім басқармаларының өкілдері, педагогтер, мектеп басшылары, балабақша тәрбиешілері, медотистер бар. Мемлекет басшысы берген тапсырмалар сапалы әрі уақтылы орындалатын болады. Сондықтан барлығымыз жұмыла жұмыс істейміз», – дейді ол.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында тәрбиешілердің жалақысын көбейту керектігін айтқан еді.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы Жолдауда апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешуді тапсырды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА