12.05.2024

153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегерлері

ҰБТ-2022 аяқталды, бірақ оның бейнежазбаларын тексеру әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желіде хабарлады.

«Қазіргі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегерлері.
Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәліктерін ЖАРАМСЫЗ деп таныдық.
Аталған фактілер бойынша ҰТО қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр.

Ғылым және жоғары білім форумында айтылғандай, Министрлік ашықтық қағидаттарын ұстана отырып, академиялық адалдықты сақтауға ерекше көңіл бөледі.
Сондықтан біздің міндетіміз талапкерлер арасында адалдық, парасаттылық және әділдік қағидаттарын қалыптастыру.
Естеріңізге сала кетейін, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды.
Құрметті 2023 жылғы талапкерлер! Міне, сіздер үшін жауапты кезең басталды, себебі алда емтихандар мен ҰБТ тапсырасыздар. Сіздер білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, алдыңғы буынның қателіктерін қайталамайсыздар деп сенеміз»-деді  Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА