26.04.2024

Жекеменшік IT-мектептерге маман даярлау үшін 3 мың ваучер бөлінеді — министр

Қазақстандық жекеменшік IT-мектептер маман даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады. Өтінімді https://astanahub.com/l/TechOrda сайты арқылы беруге болады.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды.

Министрлің сөзінше, Tech Orda бағдарламасы бойынша барлығы 600 мың теңгеге дейін 3 мың ваучер бөлінеді.

«Өткен жылы біз осы бағдарламаны пилоттық жоба ретінде өткізіп, ол кезде біз 13 жекеменшік IT-мектепті қаржыландырдық, 100 студент білім алды. Әр студентке ваучер 600 мың теңгені құрады. Биыл біз бұл жұмысты жалғастырамыз, бірақ ваучерлер санын арттыруды жоспарлап отырмыз.

IT-мамандарды даярлау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында: Президент 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-мамандарды даярлау міндетін қойған болатын. Олардың 20 мыңын біз Astana Hub Технопаркімен бірлесе отырып даярлайтын боламыз»,-дейді министр.

Оның сөзінше, жас, креативті, бәсекеге қабілетті IT-таланттарды тәрбиелеу-бұл уақыт талабы. Әлемде күнде өзгеріс болып жатыр, IТ және технологиялар саласында сапаға қойылатын талаптар өсуде.

Сондықтан біздің еліміз үшін бұл өте маңызды. Tech Orda бағдарламасы-бұл қазақстандықтар үшін сапалы IT-білімді тегін алудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарлама болашақта көптеген сапалы IT-жобалар беретініне сенімдімін.

Жеке IT-мектептерден өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекте басталады. Жеке IT-мектептерді бағдарламаға қатысуға және белсенді өтінім беруге шақырамын!»,-деп жазды Бағдат Мусин.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА