08.05.2024

Білім беру саласындағы ең жоғары жалақы қай өңірде

Білім беру саласында ең жоғары жалақыны елорда мамандары алып жүр.

«Биылғы екінші тоқсанда білім саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 293,3 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы деңгейден 25,4 пайызға жоғары болды», — делінген ranking мәліметінде.

Осы орайда инфляцияны ескере отырып, саладағы қызметкерлердің тауар сатып алу мүмкіндігі 10,1 пайызға өсті.

Салыстырмалы түрде алып қарасақ, ел бойынша орташа атаулы жалақы 312 мың теңгені құрады.

Өңірлер бойынша алып қарағанда, білім саласындағы жоғары жалақыны елордадағы қызметкерлер алып жүр. Бұл тұрғыда 414 мың теңге сомасында жалақы тіркеліп, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейден 18 пайызға артық.

Нұр-Сұлтан қаласындағы жалақы ел бойынша орташа деңгейден 41,1 пайызға жоғары. Осы орайда екінші орында Алматы қаласы (335,7 мың теңге, 26,4 пайыз өсім), ал үшінші орында Маңғыстау облысы (326,2 мың теңге, 21,7 пайыз өсім) тұр.

Саладағы ең төмен жалақы мектепке дейінгі білім беру бағытында байқалып отыр. Бұл секторда орташа көрсеткіш 147,3 мың теңге болып, жылдық өсім 11,2 пайызды құрады. Бастауыш білім сегментінде атаулы жалақы 243,5 мың теңгеге, орта білімде 343,5 мың теңгеге, жоғары білімде 323,1 мың теңгеге жетті.

20 өңірдің алтауында ғана саладағы жалақы ел бойынша орташа деңгейден жоғары екені анықталды.

Биылдың екінші тоқсанында білім саласында қызмет етіп жүргендердің саны 1,1 млн адамды құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,4 пайызға артық болды.

Осы орайда ең көп маман Түркістан облысында тіркелді, яғни бұл өңірде 144,5 мың адам жұмыс істеп жүр. Бір жылда олардың саны 1,3 пайызға өсті. Топ-3 қатарына Алматы (99 мың адам, плюс 2,7 пайыз) мен Алматы облысы (80,6 мың адам, минус 37 пайыз) енді.

Бұл салада қызмет етіп жүргендердің ең аз саны Ұлтытау облысында тіркелді, яғни 14,4 мың адам қамтылған.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА