29.05.2024

Алматыда бірқатар ұстаздар марапатталды

Алматыда «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты форумда Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бірқатар ұстазды марапаттады.

Дәстүрлі жиын барысында Асхат Аймағамбетов ардагер ұстаз Рахима Сәкенова, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Есімбай Ибрагимов, Ораз Жандосов атындағы №105 гимназияның құқық және тарих негіздері пәнінің мұғалімі Наталья Матвеева, №185 жалпы білім беретін мектебтің математика пәнінің мұғалімі Зәуреш Әлібекова, №156 жалпы білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Тойдық Серғазиеваны «Еңбек ардагері» медалімен; №176 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульзайра Кульпеисова, №59 мектеп-гимназиясының директоры Айжан Касымова, Алматы автомеханика колледжі директоры Темірбек Рахманов, №174 мектеп-гимназияның физика пәнінің мұғалімі Светлана Борангазиеваны «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.

Сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындағаны үшін Республикалық физика-математика мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұрбек Күнғожин, «Хэйлибэри» халықаралық мектебінің математика пәнінің Владимир Жук, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қалдархан Джумадиллаев, Республикалық физика-математика мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Сатылханов, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің биология пәнінің мұғалімі Бауыржан Смайыловты 500 мың теңге ақшалай сертификаттарымен марапаттады.

Сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен 48 млн теңге көлеміндегі «Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы» грантын Мамандандырылған білім инновация лицейінің директорына табыс етті.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА