26.05.2024

Елорда мектептерінде 26 мың бала бірінші сыныпқа барады

Биыл астана мектептерінде 26 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Биыл елорда мектептерінде бірінші сыныпқа 26 мың оқушы қабылданды. Былтыр бұл бірінші сыныпқа 25 349 бала барған болатын. Жыл бойында 11 мектеп қолданысқа берілуі керек. 2 қыркүйекке 2 мектеп ашылады. Оның бірі мемлекет-жеке меншік әріптестігі аясында салынған 2000 орындық мектеп. Ал екіншісі – 600 орындық жеке меншік мектеп. Бұл – Е51, Е69, Е70 көшелерінің аумағындағы («Зәм-Зәм», International School Of Nur-Sultan City тұрғын үйлері) және Е-22, Тұран көшелерінің аумағындағы нысандар. Аталған мектептер екі ауысыммен білім береді», – делінген жауапта.

Әкімдік мәліметі бойынша, қала аумағында бұдан басқа тағы 9 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

«Биыл жалпы 5 жаңа мектеп ашылуы керек. 2023 жылы жалпы сыйымдылығы 21 800 орын болатын, екі ауысыммен оқытатын 13 мектеп қолданыса беріледі. Сондай-ақ 3 мектепте жөндеу жұмыстары қолға алынған Ол жұмыстар 25 тамызға дейін бітуі керек», – деп толықтырды басқарма.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА