17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Еліміздегі 2 ЖОО-ға зерттеу университеті мәртебесі беріледі

Еліміздегі 2 жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін 3 жоғары оқу орнын зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл — Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді», — деді Саясат Нұрбек.

Оның дерегінше, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ді зерттеу университетіне трансформациялау бойынша даму бағдарламасы мен қаулы жобасы дайындалды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың зерттеу университетіне ауысуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету мақсатында өмір бойы оқыту тұжырымдамасы қабылданды. Бейресми білімді тануды қамтамасыз ету үшін біліктіліктің Ұлттық шеңберін өзектендіру пысықталуда», — деді ол.

Министрдің атап өтуінше, академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске асқан 10 жылдың ішінде 17 000-нан астам қазақстандық студент шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында білім алды. Осылайша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында осы бағдарлама бойынша оқудан өткен студенттер саны — 2 320 адамды, 2021 жылы 3 246 адамды құрады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...