23.05.2024

2023 жылы Нұр-Сұлтанда Michigan State University ашылады

2023 жылы Нұр-Сұлтанда Michigan State University ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Әлемдік білім беру стандарттары мен озық практиканы білім беру процесіне енгізу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылуда. 2021 жылы De Montfort Leicester университетінің филиалы Алматы қаласында ашылды. Биыл Петропавл қаласында University of Arizona филиалы ашылады. ЖОО-мен ынтымақтастық аясында қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады», – деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ресей университеттерінің филиалдары ашылуда. С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында биыл М.Губкин атындағы РМУ филиалы, Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылады.

«Сондай-ақ, келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында Michigan State University ашу жоспарлануда. Филиалдардың жұмыс істеуі үшін Үкімет қаулылары қабылданды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген», – деді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА