16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Тамыз конференциясы: инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бар

Тамыз конференциясының екінші күні Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА алаңында 28 мыңнан астам мұғалім онлайн форматта бас қосты. Педагогтер инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесі қолжетімді және инклюзивті болуы керегін атап өткен болатын. Биыл Ы. Алтынсарин атындағы академия психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыс жалғасын табады», — деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.

Басқосу барысында инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, мұғалімдерді әдістемелік қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, аймақтық деңгейде инклюзивті білім беру жұмысын үйлестіру, инклюзивті тәжірибені дамыту жағдайында барлық оқушы үшін қолайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер көтерілді.

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...