22 C
Нур-Султан
13.08.2022

Биыл жұмысқа кірген 3 мың мұғалімнің қалай қабылданғаны тексеріледі

Биыл жұмысқа кірген 3 100 мұғалімнің қалай қабылданғаны тексеріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарына мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібін 2021 жылдың 19 қарашасында бекіттік. Яғни, сол уақыттан бастап күшіне енді. Біріншіден, әр мектептің, білім басқармасының, білім бөлімінің бастығы осы тәртіпті білуі тиіс. Екіншіден, оны орындау қажет», — деп атап өтті Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Оның дерегінше, жаңа тәртіп бекітілгеннен кейін 3 100 адам жұмысқа қабылданған.

«Осы адамдардың жұмысқа қабылдану тәртібін біздің комитет тексеруі керек, қараймыз. 3 100 адам деген көп емес. Конкурс өткізілді ме? Конкурс нәтижесі ашық қаралып, дұрыс шешім қабылданды ма? Оны тез он күннің ішінде қарап шығуға болады. Үлкен жұмыс емес. Қарағаннан кейін әрбір облыс бойынша ақпарат беріп, қажет болса ауытулар орын алса, онда тиісті шара қабылдауға мүмкіндік болады», — деді министр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Атырау облысында мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Атырау облысында жаңа оқу жылында үш мектеп ашылады. Биыл тағы бес мектептің құрылысы басталады. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу...

Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп...

Баласын мектепке киіндіруге қаржылай көмек алған ата-аналар чек көрсетіп, есеп беруге тиіс

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры қаржысын мақсатсыз жұмсаған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев...

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның атап...