17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Ақтөбеде жергілікті бюджет есебінен 87 білім гранты бөлінеді

Ақтөбеде биыл 87 білім гранты бөлінеді. Кадр тапшылығы сезілетін салаларға басымдық берілмек.

Білім гранттарын бөлу жөніндегі комиссия отырысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Биыл жергілікті бюджет есебінен барлығы 87 білім гранты бөлінеді.

«Облыста 210 мұғалім жетіспейді. Осыған орай, математика, физика, химия, ағылшын және орыс тілі пәні мұғалімдерін даярлауға 35 грант бөлу туралы шешім қабылданды. Тағы 20 грант дәрігерлерді оқытуға бөлінеді. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы және т.б сала мамандары оқытылады. Мамандықтар тізімі облыстық білім басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады. Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 15 тамызға дейін жалғасады», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Облыс әкімі қолға диплом алған кезде қойылатын талапты жан-жақты түсіндіруге тапсырма берді.

«Жоғары оқу орнын бітірген әрбір маман облыстағы кадр тапшылығы бар кез келген елді мекенге барып, кемінде 5 жыл келісімшартпен жұмыс істеуге міндетті. Сол себепті ақша бөліп, сұранысқа ие мамандықтарға оқытып жатырмыз», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ақтөбеде облыстық бюджет есебінен білім гранттарын тағайындау байқауы алғаш рет 2018 жылы өтті. Қазір 15 жоғары оқу орнында 251 студент білім алып жүр. 2021 жылы 17 ақтөбелік резидентураны аяқтаса, биыл 25 бакалавр және 21 резидент бітіреді. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, биыл доплом алған 46 жас маманның жұмыс орны анықталды.

 

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Дәрігерлерді оқытуга бөлінген облыс әкімінің гранттына Қызылорда қаласынан катысуга бола ма?

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...