22 C
Нур-Султан
13.08.2022

Ақтөбелік оқушы халықаралық олимпиадада алтын медаль алды

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Санжар Хамитов ЕGeO — 2022 олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды.

Ақтөбелік NIS оқушысы Санжар Хамитов ел тарихында тұңғыш рет географиядан EGеO — 2022 Еуропалық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды. 11-сынып оқушысы 16-19 жас аралығындағы жоғары лига қатысушылары арасында абсолютті жеңімпаз атанды.

«География әлемді тануға көмектеседі. Бір ғана пән арқылы аспан әлемін, планеталарды, уақыт пен кеңістікті зерттеп, зерделеуге болады. Географияға үңілген сайын танымым кеңейіп, түрлі елге «саяхаттап» та кетемін. Мұндай жарысқа қатысқан кезде алдын ала дайындалып, өз білімімді толықтырамын. Нәтижесі өзімді де, жақындарымды да қуантты. Олимпиадаға келер болсам, алғашқы турда карта берді. Ондағы елдің орналасуы, дамуы туралы айтып бердім. Даму жолын да мысалға келтіруге болады. Мультимедиалық турда әр сұраққа жауап беруге 30 сек уақыт бөлді. Барлығы 40 сұрақ болды. Үшінші турда ұлттық паркті сақтау жолдарын айтып бердік. Туризмді дамыту жолы да назардан тыс қалмады. Сұрақ болса, біз оның шешімін айтып, ұсынысымызды білдірдік», – дейді EGеO-2022 алтын медалінің иегері Санжар Хамитов. Бұған дейін ол география пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың алтын медальдарын жеңіп алған. Айта кетейік, Санжардың жаттықтырушысы Ақтөбедегі зияткерлік мектептің түлегі, ІGeO-2021 халықаралық географиялық олимпиадасының жеңімпазы Рустам Валеев.

«Олимпиада үш турдан тұрды. Олар: жазбаша, мультимедиялық, далалық. Барлық турда Санжар жақсы нәтиже көрсетті. Бұл жолға жету үшін ол талай еңбек етті. Теориялық білімін тәжірибемен ұштастырды. Тағы бір қуантарлығы, барлық қатысушыға қарағанда Санжар ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті»,–деп атап өтті Рустам Валеев. Бұл олимпиада 24-29 маусым аралығында онлайн форматта өтті. Оған Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Литва, Латвия, Эстония, Сербия, Словения, Қазақстан, Румыния, Чехия, Болгария, Босния және Герцеговина елдерінен 111 білімді жас қатысты. Енді Санжар Хамитов ІGeOжәне IESO халықаралық олимпиадаларына қатысады.

 

 

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Атырау облысында мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Атырау облысында жаңа оқу жылында үш мектеп ашылады. Биыл тағы бес мектептің құрылысы басталады. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу...

Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп...

Баласын мектепке киіндіруге қаржылай көмек алған ата-аналар чек көрсетіп, есеп беруге тиіс

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры қаржысын мақсатсыз жұмсаған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев...

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның атап...