-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе алмасуға әзірбайжандық мұғалімдерді жіберуге ниет білдірді. Сондай-ақ Әзірбайжан Білім министрлігінің басшысы қазақстандық колледждердің сапалы жұмысына да назар аударды. Ол колледж студенттерінің халықаралық WorldSkills байқауындағы нәтижелеріне тоқталды. Білім министрлігінің басшысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің олимпиада қозғалысын Қазақстанда да, республикадан тыс жерлерде де дамыту үшін жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті.
«Біз Қазақстан ұйымдастыратын оқушылар арасындағы олимпиаданың бірде-бірін жіберіп алмағанымызды мақтанышпен айта аламыз. Әрине, көргеніміз өзіміз үшін өте қызық. Себебі сіздерде WorldSkills қозғалысы (колледж студенттері арасындағы әлем чемпионаты) ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде дамыған.
Біз елімізде STEAM фестивалін өткіземіз және оған қазақстандық мектептерді қатысуға шақырамыз. Менің ойымша, мектептермен жұмыс біз үшін ерекше тәжірибе болады. Қазан айында мұғалімдеріміз Қазақстанға келіп, әріптестерінің тәжірибесін үйренуі үшін тиісті құжаттарды жібере аламыз», — деді Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаев.
Ол сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан үшін аймақтық білім беру платформасын құру идеясы туралы айта кетті. Қазірдің өзінде Әзірбайжан, Түркия, Грузия және Беларусь елдері осы бағытта ынтымақтастық орната бастады.
Ал ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Ведомство басшысы еліміз қазақстандық балалардың STEAM фестиваліне қатысуына жағдай жасайтынын және әзірбайжандық мұғалімдер үшін таныстыру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...