17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді.

Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды нақты ажыратады. Мұғалімдерге берілетін төлемдер — жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыреті.

«Мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне барлық төлемді оқу-ағарту министрлігі жасамайды. Сондықтан республикалық орталық органның мұғалімдерге тікелей қарызы бар деп айту мүлдем дұрыс емес. Құзіреттіліктің бөлінуін біліп, мұндай сөз қандай мақсатпен айтылатынын білмеймін. Барлығы бұрыннан барлық құжатта бекітілген», — деді ведомство басшысы.

Аймағамбетов ведомство бақылау функцияларын атқаратынын атап өтті. Жағдайды мониторингілеу кезінде министрлік бірқатар өңірде төлемдер кешіктірілгенін анықтады.

«Кешіктіру барлық аймақта болған жоқ. Кейбіреуінде төлемге қатысты проблемалар болды. Егер жағдай барлық жерде болса, онда орталық органның проблемасы деп айтуға болады. Біз жергілікті органдардың сомасын анықтадық. Оларда мұғалімдерге төлем жасауға ақша бар, бірақ бюджеттегі түзетулерге байланысты кідіріс болған. Қазір төлемдер жүріп жатыр, кешегі күнге 8 миллиард теңге қалды. Біз жағдайды бақылап отырмыз», — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, кеше мәжіліс депутаты Юлия Кучинская қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр деген болатын. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгеге жеткен.
Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттардың атына мектеп мұғалімдерінен арыз-шағым көп түседі. Мемлекет жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша ұстаздарға берешек болып

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...