7 C
Нур-Султан
30.06.2022

Президент мектеп бағдарламасына шахматты қосу туралы ұсынысты қолдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.

Мемлекет басшысы танымал шахматшы қыздарға ілтипат білдіре отырып, бұл ойынға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы уақытта Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табысты өнер көрсететініне сенім білдірді. Президент мектепті «Алтын белгімен» бітірген Бибісара Асаубаеваға табыс тілеп, Гүлісхан Нақбаеваны өткен туған күнімен құттықтады.

Әңгімелесу және пікір алмасу форматында өткен кездесуде ұлттық құрама көшбасшылары – Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде елімізде шахмат спортын дамыту, оның ішінде мемлекет тарапынан жүйелі көмек көрсету, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және шахматты жеке спорт түрі ретінде насихаттау жөніндегі қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.

Президент мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу, Алматыда 1500 балаға арналған шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салу жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер тарапынан шахмат спортын дамытуға қолдау көрсетудің маңызды екеніне баса мән берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат саласын дамытуға бұдан былай да қолдау көрсететінін атап өтіп, жас спортшыларға халықаралық аренада жаңа табыс тіледі.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе...

Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді. Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды...

Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді. Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз....

Бір күн облыстың білім саласын басқарған жігіт…

Республикалық "QAZBILIM" орталығы Түркістан бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарып көрді. Бұл іс-шара «23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер...

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек...