7 C
Нур-Султан
30.06.2022

Асхат Аймағамбетов білім бөлімі басшыларына: Қонаққа келген жоқсыздар

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмады.

«Қайсыңызға сөз берсем де, «көптеген жұмыс істелді» дейсіздер де, сол жұмыстарды нақты тізбектеп айта алмай отырсыздар. Қандай кітап, қанша кітап сатып алдыңыздар? Кітапханаларыңыз қалай өзгеріп жатыр? Әр апта сайын осы жиналысқа қатысасыздар. Біз дайындалған сценариймен емес, осылай тосыннан сұрақ қоямыз. Күнтәртібіміз белгілі болғаннан кейін алдын ала дайындалыңыздар. Көтерілетін мәселе республика, министрлік деңгейінде қаралса, онда ол сіздер үшін істелетін жұмыс қой. Сіздердің есептеріңіз тыңдалады. Сондықтан бей-жай қарап отырмай осындай жиналыстарға дайындалыңыздар», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Сонымен қатар министр жиналыста сөз сөйлегенімен тұщымды дүние айта алмаған әріптестеріне ескерту жасады.

«Дайын емессіздер. Сіздер қонаққа келген жоқсыздар ғой. Нақты күнтәртібін білесіздер. Сол күнтәрбі бойынша ауданда, қалада, облыста не істеліп жатыр екен деп ақпарат алып, дайындалу керек. Жалпылама сөз айтып, бәрі жақсы деген есеп қабылданбайды», — деді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе...

Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді. Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды...

Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді. Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз....

Бір күн облыстың білім саласын басқарған жігіт…

Республикалық "QAZBILIM" орталығы Түркістан бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарып көрді. Бұл іс-шара «23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер...

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек...