7 C
Нур-Султан
30.06.2022

Министрдің 4 өңірдегі мектеп кітапханасына көңілі толмайды

Мектеп кітапханаларына әсіресе қазақ тіліндегі әдебиеттерді сатып алу керек. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бұл мәселені 2 жыл бойы айтып келеміз. Өзгеріс бар… Балалардың кітапқа құштарлығын ояту, кітап оқуға баулу жұмысы негізінде өте жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Мектептердің кітап қоры да жаңартылуда. Оның ішінде әсіресе, қазақ тілінде әдебиеттер сатып алынып, балаларға қолжетімді болуда. Өңірлерге барғанда міндетті түрде кітапханаларға кіріп, осы мәселенің қалай іске асып жатқанын бақылаймын. Мысалы, Қостанай облысына бардым, көрдім. Көп жұмыс жүргізілген. Шымкент қаласында үлкен жұмыс жүргізілгенін байқадым. Алматы қаласында да кітапханаларда жақсы өзгеріс бар», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Осы ретте министр елордада, Түркістан, Павлодар, Алматы облыстарында мектеп кітаханаларының қорын толықтыру жұмыстары көңіл көншітпейтіндігін баса айтты.

«Сондықтан осы жұмысты дұрыс ұйымдастырыңыздар. Бұл менің жеке бақылауымда. Бұл – Президент тапсырмасы. Бұл — балаларға керек жоба. Балаларға ыңғайлы орта жасау керек. Қажеті әдеби туындыларды сатып алу керек. Біз балаларға қандай туындылар сатып алып беруіміз керек? Балаларға қызықты болуы қажет. Ал сіздер келесіздер де, баяғы соцреализм туындыларын, ересектерге ғана қызықты туындыларды сатып аласыздар. Балаларға қызықты кітаптар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта заманауи, балалар оқып жүрген туындылар қайда? Әрине, облыстардың көпшілігі тиісті деңгейде жұмыс істеп жатыр. Бірақ мен атап өткен 4 өңірде көзім жеткенін айтып отырмын. Алматы, Шымкет қалаларында, Қостанай облысында балаларға ең қызықты әдебиеттер сатып алынған. Әсіресе қазақ тілінде туындылар сатып алу керек. Ол қазақ тілінде дегеннен кейін тек қазақ авторлары болмауы тиіс. Дүниежүзілік, әлем әдебиетінің туындыларын сатып алу маңызды», — деді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе...

Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді. Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды...

Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді. Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз....

Бір күн облыстың білім саласын басқарған жігіт…

Республикалық "QAZBILIM" орталығы Түркістан бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарып көрді. Бұл іс-шара «23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер...

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек...