7 C
Нур-Султан
30.06.2022

Алматыда жаңадан бес мектеп салынады

Алматыда халық санының өсуі мен оқушы орнының тапшылығына байланысты жаңадан 5 мектеп салынбақ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәслихат сессиясының отырысында айтты.

«Білім беру саласына қосымша 14,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында 7 500 орындық 5 мектеп салуға, сондай-ақ 19 білім беру объектісіне (15 мектеп, 4 балабақша) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады», — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге ғылыми дәрежелері, тәлімгерлік пен кешкі уақытта және мектепке дейінгі оқыту жұмыстары үшін қосымша ақы төленіп, педагогтерге қолдау көрсетілетінін айтты. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жылу жүйесі бойынша берешегін өтеу үшін, яғни коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге 2 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Айта кетсек, Ерболат Досаев Алматының көшкін жүру қаупі бар аумақтарында құрылыс жүргізуге тыйым салынатынын мәлім еткен болатын.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе...

Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді. Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды...

Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді. Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз....

Бір күн облыстың білім саласын басқарған жігіт…

Республикалық "QAZBILIM" орталығы Түркістан бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарып көрді. Бұл іс-шара «23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер...

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек...