18 C
Нур-Султан
13.08.2022

Ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгіге» бітірді

Ақтауда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен лицей түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға облыстың білім саласының қызметкерлері, түлектер мен ата-аналар қатысты.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев түлектерге ақ жол тілеп, аттестат табыстады.

Айта кетейік, шахматтан әлем чемпионы, Бибісара Асаубаева биыл Ақтау қаласындағы IT лицейін «Алтын белгіге» аяқтап жатыр.

— Бүгінгі күн бәріміз үшін өте маңызды. Мектеп – мейірімнің, инабат пен руханияттың, білім мен тәрбиенің ордасы. Араларыңызда республикалық, халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары бар. Шахматтан Гиннестің рекордтар кітабына енген әлем, Азия чемпионы Бибісараға елімізде осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін шексіз ризашылығымды білдіремін,- деді Нұрлан Ноғаев.

Биыл облыста 166 орта мектепті 167 385 түлек аяқтап жатыр.

Оның ішінде 9-сыныпты — 12 500, 11-сыныпты — 7 562 түлек бітірді.

174 түлек «Алтын белгі», 515 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Атырау облысында мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Атырау облысында жаңа оқу жылында үш мектеп ашылады. Биыл тағы бес мектептің құрылысы басталады. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу...

Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп...

Баласын мектепке киіндіруге қаржылай көмек алған ата-аналар чек көрсетіп, есеп беруге тиіс

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры қаржысын мақсатсыз жұмсаған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев...

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның атап...