-10 C
Нур-Султан
22.03.2023

2 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛДЫ

Қазақстандық оқушылар жазғы мектептердегі оқуын аяқтады. Онда 2 млн-ға жуық бала қосымша білім алды. Жазғы мектептердің жұмысы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылған болатын. Бұл оқушылардың білімдерін нығайтып, олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Жазғы мектепке бітіруші, яғни 9, 11-сынып оқушыларынан басқа барлық оқушы ерікті түрде қатысты.

«3,6 млн оқушының 2 млн-ға жуығы жазғы мектепте білім алды. Балалар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша 38 мыңнан астам оқушыға жеке пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Балаларды ынталандыру мақсатында сабақ стандартты формада емес, бағалаусыз өткенін де атап өткен жөн. Оқу кестесіне музейлерге саяхат, экскурсиялар, іскерлік ойындар, шеберлік сабақтары, фильмдер мен мультфильмдерді талқылау кірді. Кітап клубтары, дискуссиялар, стратегиялық сессиялар, дебаттар және басқа да форматта сабақтар ұйымдастырылды. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша ата-аналардың оң пікірлерін алдық», – деп айтты Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Оқушылар сабақтарға дүйсенбіден жұмаға дейін қатысты. Оқу «Математика», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Физика», «Химия» және т.б. негізгі пәндер бойынша өтті.

Енді жазғы мектеп аяқталған соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шығады. Демалыс 42 күннен 56 күнге дейін ұзартылғанын еске сала кетейік.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...