4 C
Нур-Султан
02.04.2023

Жеке білім беру ұйымдары балабақшаларды лицензиялауды ұсынды

Жеке білім беру ұйымдары балабақшаларды лицензиялау бастамасын көтерді. Бұл туралы «Республикалық жеке білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы Роза Садықова «Атамекен» палатасындағы дөңгелек үстелде айтты.

Өз сөзінде Р. Садықова жеке білім беру ұйымдары 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болғанын атап өтті. Ал 2010 жылдан бастап «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекет жеке секторға қолдау көрсетті.

«Яғни, 1991 жылы Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған кезде ел аумағында жеке білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беру туралы жарлық шықты. Демек, біз Конституцияны, «ҚР Білім туралы« заңды міндетті түрде сақтауымыз керек, осы аяда жұмыс істеуіміз керек. Неліктен? Себебі біз бәріміз балаларды тәрбиелеп, өскелең ұрпақты оқытамыз. Біз бұл істе ортақ ұстанымды ұстануымыз керек. Мен де мектепке дейінгі білім беру секторын қалыпқа келтіру керектігін әрдайым айтып келемін», – деді Р. Садықова.

Оның айтуынша, балабақшалардың қызметін лицензиялау балалардың сенімді қолында екендігіне көз жеткізу үшін қажет.

Спикер заңнамада қандай ұйымдар білім беру ұйымы болып саналатынын және оларға мектепке дейінгі мекемелер де жататыны анық жазылғанын атап өтті. Сондықтан, «Білім туралы» заңда барлық білім беру ұйымдары лицензиялануы тиіс деп жазылғандықтан, бұл мектепке дейінгі секторға да қатысты болады.

Бұған дейін жекеменшік балабақшалардың 80% мемлекеттік аттестациядан өте алмағаны хабарланған болатын.

«Екі жыл бұрын біз лицензиялау мен мемлекеттік бақылауды қайтаруға әрекет жасадық. Алайда сол кезде кәсіпкерлер палатасының, балабақшалар қауымдастығының және бірқатар мемлекеттік органның ұстанымы бұл норманы заңға енгізуге мүмкіндік бермеді. Бірақ біз бұл бағытта жұмысты тоқтатпадық. Былтырдың соңында мемлекеттік аттестаттау жүйесін енгізе алдық. Аттестация нәтижесі көңілден шықпады. Тексерістен өткен балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмады», — деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында.

Сонымен бірге, А. Аймағамбетов мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейетінін айтты.

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...