03.05.2024

Сапасыз жоғары оқу орындарын тексеру жұмысы жалғасады – министр

Асхат Аймағамбетов бастап кеткен сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарынан тазалау жұмысы жалғасады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Осыған дейін Асхат Аймағамбетов сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жауып, қаншама лицензия кері қайтарылды. Бұл мәселе әлі де аяқталмай қалған сияқты, сіз осы жұмысты жалғастырасыз ба?», — деп сұрақ қойды тілшілер министрге Үкімет отырысынан кейін.

«Иә, Асхат Қанатұлы үлкен жұмыс атқарды, ол қоғам тарапынан да, Президент тарапынан да жоғары бағаланды. Біз осы принципиалды позициямызды ұстанып, жоғарғы оқу деңгейінде ең бірінші сапаны қамтамасыз етуге бүкіл күш-жігерімізді саламыз, министрліктің басты бағыты осы болады. Сондықтан Асхат Қанатұлы бастаған жұмысты жалғастыратынымыз анық», — деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Ғылым министрі отбасының Кипрден оралып, балаларының Қазақстандағы қатардағы мектепке баратынын айтқан еді.

Сондай-ақ, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Солтүстік өңірдегі орналасқан, негізі Серпін бағдарламасымен ғана шектелетін, үнемі профессорлық-оқытушылық құрамға зәру, қазақ тілі ақсап жатқан моно қалалардағы жоғары оқу орындарының тағдыры не болмақ екен?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА