03.05.2024

Министр Саясат Нұрбек Қазақстан халқына ант берді

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан халқына ант берді.

Дәстүр бойынша аптаның сейсенбісінде өтетін Үкімет отырысына жаңадан құрылған үш облыстың әкімдері де қатысып отыр. Сондай-ақ Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрлері де бар.

Президент Жарлығымен Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!», деді ол.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметке қосылған шенеуніктерді құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар Үкімет басшысы бүгін Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қырық жасқа толып отырғанын атап өтті.
-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА