17 C
Нур-Султан
09.06.2023

ЕҰУ әлемнің үздік 300 университетінің қатарына кірді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS World University Rankings 2023 әлемдік рейтингісінде бір жылда 51 сатыға көтеріліп, 277-ші орынды иеленді. Ұлыбританиялық Quacquarelli Symonds халықаралық агенттігі үздік жоғары оқу орындарының жыл сайынғы халықаралық рейтингісінің нәтижелерін жариялады.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ QS жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингісінде кезекті рет қарқынды ілгерілеуді көрсетті. Университет бір жылда 328-ші орыннан 277-ші орынға көтеріліп, алғаш рет әлемнің үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына енді.

Соңғы 4 жылда ЕҰУ халықаралық рейтингте 141 сатыға көтеріліп, сенімді өсуді көрсетті. Ұлттық университет 2025 жылға қарай Даму стратегиясына сәйкес QS рейтингінің топ-200 қатарына кіруге ниетті.

Университет «Шетелдік профессорлық-оқытушылық құрам», «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» және «Академиялық сарапшылар арасындағы бедел»  критерийлері бойынша өзінің позициясын елеулі нығайтты. Бұл ретте университеттің «Білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның арақатынасы» және «Шетелдік профессорлық-оқытушылық құрам» индикаторлары бойынша көрсеткіштері әлем бойынша жоғары оқу орындарының орташа нәтижесінен айтарлықтай асып түсті.

Биыл халықаралық рейтингке қатысқан жоғары оқу орындарының қатары 47%-ға артты. Әлемнің 100 мемлекетінен 2 462 университет қарастырылып, оның 1422 қорытынды рейтингке кірді. Әлемнің үздік ЖОО арасында Қазақстанның 16 университеті бар, олардың екеуі тізімге алғаш рет енді.

QS рейтингінің көшбасшыларының ондығына Массачусетс технологиялық институты, Кембридж Университеті, Стэнфорд университеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті және т.б. сияқты әлемдік университеттер кірді.

Университеттерді халықаралық деңгейде бағалау әдістемесі мынадай индикаторлар бойынша жүзеге асырылады: академиялық сарапшылар арасындағы бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, білім алушылардың профессорлық-оқытушылық құрамға арақатынасы, дәйексөз келтіру, шетелдік білім алушылар, жұмысқа орналасу нәтижелері. Сондай-ақ биыл «Жұмыспен қамту нәтижелері» және «Халықаралық зерттеу ынтымақтастығы» атты екі жаңа индикатор қосылды.

Атап өткен жөн, биыл Еуразия ұлттық университеті QS World University Rankings by Subject 2022 пәндік рейтингісіндегі де өз позициясын жақсартты. ЕҰУ әлемдік тізімдегі өкілдігін 4-тен 11-ге дейін кеңейтті және қазақстандық ЖОО арасында 3 пән бойынша көш бастап келеді. Бұл ретте «Қонақ үй бизнесі және бос уақытты басқару» пәні әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне кірді, «Лингвистика» 251-300 тобынан 101-150-ге тізіміне ауысты.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...