-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Абай облысында соңғы жеті жылда 20 мектеп бой көтерген

Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы – Семей қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 9,3 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылуда.

Бүгіннен бастап облыс орталығына айналған Семей шаһарында және жаңа өңірдің құрамына кірген қала, аудандарда соңғы 7 жылда 20 мектеп, 4 балабақша, 3 студенттік жатақхана салынған.

Сондай-ақ осы уақыт ішінде 13 спорт, 4 мәдени және 3 медициналық нысан бой көтерді.

«Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының басым бөлігі бюджеттен тыс қаржыға салынды. Семейде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеті жылда 16,7 миллиард теңгенің 79 жобасы бойынша келісім жасалған. Оның ішінде жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын 68 жоба аяқталды. Бірақ 9,3 млрд теңгеге тағы 11 жоба бойынша жұмыс әлі жалғасып жатыр», — деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық шеңберінде 13 млрд теңге тартылған.

Бұл қаражатқа Семей қаласы мен аудан орталықтарындағы көшелердің жарықтандыруын жаңғырту жұмысы да жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала енгенін хабарлаған едік.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...