16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Қызметте қаза тапқан және мүгедек болғандардың балалары кез келген ЖОО-да тегін оқиды

Күш құрылымдарының қаза тапқан қызметкерлерінің балалары мен туыстары үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер заңға енгізілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Гүлнар Бижанова айтты.

Мәжіліс отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымға шығарылды.

«Халқымыз «өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Мемлекет қызметін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына ерекше қамқорлық жасауы тиіс. Қаңтар айының қатал күндерінде нақ солар біздің Тәуелсіздігімізді сақтап қалды. Халықтың қауіпсіздігі үшін өз өмірі мен денсаулығын құрбан етуге батылдық пен дайындығын көрсетті. Еліміз олардың алдында қарыздар деп санаймыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткен болатын», — деді Г. Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында.

Спикер қызметін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасы, балалары және жақын туыстары назардан тыс қалмауы керегін айтты.

Сондықтан барлық күштік құрылымдардың қаза тапқан қызметкерлерінің балалары мен туыстары үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер бойынша түзетулер қолдау тапты.

«Біріншісі – қызметін орындау кезінде қайтыс болған қызметкердің отбасына ай сайынғы төлемдер қайтыс болған қызметкердің ақшалай қаражаты негізінде төленеді. Мұндай төлемдерді ауыр жарақат алуына байланысты органдарда қызметін жалғастыра алмайтын қызметкерлер де алатын болады. Бұл өтініштерді биылғы ақпан айында Алматыға сапарымыз кезінде қаңтар айындағы шайқастарда жараланған құқық қорғау органдары қызметкерлері айтты», — деді Г. Бижанова.

Екіншісі – қаза тапқан және мүгедек болған қызметкерлердің балаларына арналған мемлекеттік гранттар.

Олар еліміздің кез келген жоғары оқу орнында тегін жоғары білім ала алады.

«Үшіншісі – қызметкердің өз міндеттерін орындау және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде мүлкіне келтірілген залалды өтеудің қосымша шаралары бойынша түзетулер қолдау тапты. Бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің бір бөлігі деп ойлаймыз», — деді Гүлнар Бижанова.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...