5 C
Нур-Султан
03.10.2023

Балалардың оқу үлгерімін талқыға салудың керегі жоқ — министр ата-аналар жиналысы туралы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі ата-аналар жиналысын өткізу форматын өзгерту керектігін айтты.

«Мектепте ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілді. Алдыңғы жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа формасына көшу керек деген тапсырма берілді. Баяғыдағыдай ата-аналарды жинап алып, балаларының оқу үлгерімі, қылықтарын талқыға салудың керегі жоқ. Басқа ата-ананың көзінше біреудің баласын талқыға салмаңыздар», — деді Асхат Аймағамбетов аталған ведомствода өткен аппараттық жиналыста.

Министрдің айтуынша, педагог әр ата-анаға баласының тәрбиесі мен біліміне қатысты толық ақпаратты беруі тиіс.

«Әрине, біреулердің көзінше баласын талқылағаннан кейін ата-аналар мектеп жиналысына келгісі келмейді. Сондықтан жиналыс өткізудің жаңа форматына көшу керек. Мұғалім ата-анаға баласының қандай пәндерді ұнататынын немесе қандай пәндерден қосымша сабақ керектігін айтып жеткізу керек. Жалпы ата-анамен жұмыс істеу маңызды жайт, сондықтан ерекше мән беру керектігін тағы еске саламын», — дейді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстанда оқушылардың 60%-дан көбі сауатсыз — Дүниежүзілік банк

Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік мектептерінде оқитын балалардың 64,2%-ы функционалдық сауатсыз деп мәлімдеді. "Қазақстан: инклюзивті және төзімді өсімге қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыны күшейту" ДБ...

ЖОО-ларда жасы 60-тан асқан қанша ғалым еңбек етеді

Қазақстанда 60 жастан асқан азаматтар, жалпы халық санының 13,2% құрайды Ұлттық статистика бюросына осылай хабарлады. Биыл жыл басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас...

Біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және...

Астана мектептерінде 28 мың орын жетіспейді

Биыл Астанада 16 мың оқушы сыятын 11 мектеп салынады. Бұл туралы елорданың білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша әкімнің орынбасары Есет Байкен...

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...