7 C
Нур-Султан
30.06.2022

Министр әлеуметтік осал топтарға мектеп формасын емес, ақшалай көмек беруді ұсынды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке әлеуметтік осал топтарға форма емес, ақшалай көмек беруді ұсынды. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, «Жалпыға міндетті білім беру» қорының аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуге бастама жасалды.

«Қазіргі күні «Жалпыға бірдей білім беру» қоры халықтың әлеуметтік осал топтарына киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетеді. Енді бұл көмекті ақшаға айналдырып, ата-ананың шотына аудару ұсынылып отыр. Яғни ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін ең қажетті заттарды өздері сатып ала алады», – деп жазды Аймағамбетов.

Ол мұндай шешімді қолдағандар да, оған қарсы шыққандар да көп екенін айтты. Одан бөлек министр әлеуметтік қызметтер порталының іске қосылғанын бірнеше жыл күткенін жеткізді.

Бұл жүйе арқылы қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға болады. Одан бөлек ата-аналар осы маркетплейстен балаға қажетті заттарды ғана сатып алып, оны электронды ақшамен төлей алады. Ал өз кезегінде министрлік транзакцияларды бақылауда ұстайды.
«Алайда ісіне адал емес басшылардың мұқтаж жандарға өлшемі үлкен немесе кіші, одан қалса сапасы өте нашар киім-кешек сатып алғаны сияқты фактілер бар. Мұндай жағдайлар бізді әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғанын күтпей-ақ, көмекті ақшаға айналдыруға міндеттейді», – деген министр көмек ретінде берілетін мектеп формасын сынға алды.

Ведомство басшысының айтуынша, әлеуметтік қызметтер порталының іске қосылуына қарсылық білдіргендер ата-аналардың кейбірі бөлінген қаражатты басқа қажеттіліктерге жұмсауы мүмкін деген пікірде.

«Қазіргі жүйе арқылы кейбір азаматтар алған киімдерін немесе басқа керек-жарақтарын қайта сатып, қаражатты басқа мақсаттарға жұмсауы мүмкін. «Жалпыға бірдей білім беру» қорының жұмысын ұйымдастыру және көмек көлемін белгілеу әкімдіктердің құзырында және олардың есебіне қарай көмек мөлшері өзгеріп отырады (15 мыңнан 41 мың теңгеге дейін)», – деді Аймағамбетов.

Министр ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес көмектің мөлшерін белгілеу ұсынылып отырғанын жеткізді.

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар, егер отбасы атаулы әлеуметтік көмек алмаса, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған отбасынан шыққан балалар және әр мектепте алқалы органның шешімі бойынша айқындалатын басқа да санаттар материалдық көмек алады», – деп қорытындылады сөзін министр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе...

Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді. Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды...

Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді. Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз....

Бір күн облыстың білім саласын басқарған жігіт…

Республикалық "QAZBILIM" орталығы Түркістан бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарып көрді. Бұл іс-шара «23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер...

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек...