20.05.2024

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен.

«Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды.

Құжат қабылдаудың алғашқы күні Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім берілді. Құжат қабылдау және конкурстық іріктеу үрдістері толығымен автоматтандырылды. Үміткерлер еліміздің кез келген аумағынан құжат тапсыра алады», деп жазды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин желідегі парақшасында.

Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін қабылданады. Тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Биыл магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Сонымен қатар техникалық мамандықтарға «Болашақ» бойынша берілетін грант саны 60 пайызға өсті.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА