27.07.2024

Қазақстанда қай мамандықтар жиі таңдалады?

Жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында PISA зерттеуіне сүйеніп, қазақстандық жасөспірімдер арасында қай мамандықтарға қызығушылық артқаны жайлы жазды. Оның сөзінше, зерттеудің барлық үш циклінде мамандық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр.

Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер 2022, 2015, және 2018 жылғы зерттеулер барысында ең жиі таңдалған. Сондай-ақ зерттеу нәтижесінде жеткіншектердің педагог мамандығына да қызығушылықтары айтарлықтай артқаны анықталған.

«Менің ойымша, бұл – біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардің үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орында болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады», – деп жазды Асхат Аймағамбетов. Төмендегі кестеде жиі таңдалатын мамандықтардың ТОП-10-дығы көрсетілген.

Венера Жоламанқызы

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА