28.04.2024

Мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің педагогтары аймақтың білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне шағым түсірді.

Inaktau.kz-ның хабарлауынша, бұл факт туралы облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте жария етілді.

Мұнайлы ауданының бір мектебінде директор мұғалімдерден ақша жинап, оған қоса қарамағындағыларды міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартқан. Осыған байланысты директор ескерту түрінде жаза алды.

Маңғыстау облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ

2021 жылы департаментке педагогтардың құқықтарын бұзу туралы төрт арыз келіп түсті.

Онда келтірілген деректердің бірінде мұғалімді заңсыз жұмыстан шығару жайлы айтылады. Бұл арыз департамент жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органда қаралды. Ұсыныс қалалық білім бөліміне жолданды, содан кейін бұл мұғалім өз жұмысына қайта оралды.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА