13 C
Нур-Султан
28.05.2022

Лагерлерде демалатын оқушылар саны жарты миллионға өсті

Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады. Бұл былтырмен салыстырғанда жарты миллионға көп. Бұл туралы БҒМ хабарлады.

Сонымен қатар биыл сауықтыру лагерлері мен алаңдардың саны айтарлықтай артты. Жалпы республика бойынша 11 мыңнан аса (2021 ж. – 9 507) мектеп жанындағы, қала маңындағы, шатырлы, спорттық және киіз үй лагері жұмыс істейді.

«Бірінші кезекте жазғы сауықтыру демалысымен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады. Бұл жетім балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және т.б. Балалар сауықтыру лагерлерінің желісі санаторийлер, туристік базалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу және жұмыс істемейтін лагерьлерді қалпына келтіру есебінен кеңейтілді. Қалалық лагерьлер желісін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл Қызылорда облысында 3 және Ақмола облысында 1 лагерь пайдалануға беріледі. Балалардың жазғы демалысы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету маңызды. Қазір ашылуға дайындалып жатқан лагерьлерде конкурстық рәсімдер жүргізіліп, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріліп жатыр», — деп айтты ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Осы жылы балалар мен ата-аналарды барынша ақпараттандыру үшін bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт пен мобильді қосымша (Android және IOS платформаларында) іске қосылды. Электронды картаның көмегімен кез келген адам нақты уақыт режимінде қандай да бір лагерь туралы (бағдарламасын, бағасын, орналасқан жерін) ақпарат ала алады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп медицинасына биыл 26,1 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыруға 2022 жылға 26,1 млрд теңге қарастырылған. «2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған...

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар...

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен. «Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және...

Елордада мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен рөл атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің...

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның...