-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Баланы мектепке неше жастан берген дұрыс?

Жылда осы уақытта өте көп адам қоятын сұрақ. Менің берер кеңесім баланы 6,5 жастан аспай, 1-сыныпқа бермеген дұрыс. Адамның миының даму кезеңі болады. Адамның миы толық 12-13 жасқа дейін даму кезеңін бастан кешіреді.
Қазір балаңыз қағылез, бәрін алып кететін секілді көрінеді. Бірақ мидың көтеру салмағы бала үлкейе келе белгілі болады. Қазір алып кеткен балаңыз үлкейе келе шаршағанын сезесіз. Мидың даму кезеңдері болады, бұл даму кезеңдерінде қатты салмақты салу — қателік.
Әр пәннің қиындық дәрежесіне қарай басталады ғой пәндер де. Мысалы, биология 6-сыныптан, физика 7-сыныптан, химия 8-сыныптан деген секілді.
Яғни адамның әр жасындағы қабылдау мүмкіндігіне қарай зерттеп енгізілген педагогикалық шешімдер. Ал баланы ерте мектепке бергенде, осы зерттеулердің бәріне қайшы шешім шығарасыз.
Тіпті қазір 5 жастан жаңа асқан баланы мектепке бере салатындар көп. Неге десе, кейбірі балам алғыр дейді, кейбірі баламды қарайтын адам жоқ дейді. Екеуі де — балаға жаны ашымағандық.
Ол баланың тікелей болашағына қатысты. Сондықтан балаңынызды кемінде 6,5 жастан асырып, 7-ге толтырып мектепке беріңіз. Бала ештеңеден кешікпейді, ойнап, балалығын толық қандырып, мектепке барсын. Бөпе кезінен балалығынан айырмаңыз.

-ЖАРНАМА-

5 КОММЕНТАРИИ

  1. Өте дұрыс. Кеңес заманында баланы 7-8 жасында мектепке қабылдаған және ол кезде оқу бағдарламасы да бала жасын ескерген. Қазіргі кезде тым асығыс шешім қабылдап, сол балалардан құтыла алмай жүргендей із. Оның үстіне оқу бағдарламасы сол балалардың жасына да, психологиясына да сәйкес емес. Сабақтан жалыққан баланы көріп жанын ашиды, оның ұйқысын, ойынын ұрлағаны

  2. Сіздің пікіріңізді қолдаймын. Бала біріншіден ойын баласы. Ол 5 жасқа дейін балабақшада тәрбиешілер бақылауында , ал 6 жастан бастап мектеп партасына отырғызып , 17 жасқа дейін мұғалім бақылауында болады. Олай болса ойын баласы қай жаста емін -еркін ойнайды? «Баланың ойынын тыйғаның- баланың ойлауын тыйғаның» деген екен. Баланың ойнайтын жасында ойнатып, ойын арқылы білім алуға ынталандырып, содан кейін ғана оқуға құштар баламен ғылым әлемінің әліппелерімен таныстыруды бастау керек деп ойлаймын. Ал қазір қалай? Ойын баласының ойнайтын жасында, ойынын қандырмай, ойлау қабілеті артуына бөгет жасап, ғылымға саламыз. Бала шаршайды, оқудан жерінеді. Мектепке қай кезде барса да, баланы 10 жасқа дейін ойната отырып өзіне-өзі қызмет жасауға, еңбек етуге т.б тәрбиені сіңіру, білім алу керектігіне көздерін жеткізіп барып ғылым жолына салу тиімді болмақ.

  3. Саламатсыздар ия өтте орынды 7 жастан беру керек екен бірінші ұлымды 6 жастан бергенмін ойынға үлгермейді таң ертең турады сабағын орындап косымшасына барады одан келіп сабағына барады кешкісін сүйретіліп келеді үйге
    Ендігі ұлдарымды Алла қаласа 7 жастан беретін боламын

  4. Баланы 6 жастан бірінші сыныпқа жіберу дұрыс емес. Баланы 7 жастан бастап бірінші сыныпқа бергеніміз дұрыс.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...