13 C
Нур-Султан
28.05.2022

«Петропавлдан немесе Павлодардан Қазақ ұлттық мектебін ашамыз» – Аятжан Ахметжан

Өткенде ұлттық мектептер желісін ашу ойымда бар екенін, қазір өзге тілді жекеменшік мектептері көп екенін, өкінішке орай, таза қазақ тілді, бәсекеге қабілетті жекеменшік мектептер жоқ екенін жазып едім.
Осы арман жолында қаржы салғысы келетін, сөзден іске дейтін азаматтар болса дайын екендігімді де айттым. Сол ұсынысым қатты талқыланды. Қаншама адамдар «қомақты қаржы болмаса да, ұлт үшін аянып қалмаймыз, қоғам болып ұйысайық, есеп шот жарияла, ұйымдастырамыз», — деп пікір қалдырыпты.
Одан бері де оқырмандарым жекеме шығып, сұрап жатыр. Бәрі де «болашақтың қамы, бүгін қимылдамасақ кеш болады» деген ойда. Сондықтан Республикалық «QAZBILIM» орталығы ұжымымен ақылдаса отырып, мынандай шешімге келдік.
Біз, қоғам боп қолдаса, Петропавл немесе Павлодар қаласының бірінен ұлттық мектеп-интернатын ашуды қолға аламыз.
Қазірге мақсат мынадай:
1. Мектеп 1000 оқушыға арналады;
2. Мектептің 300 орындық жатақханасы болады. Жатақхана өзге өңірдің балалары және шетелдегі қазақ балалары келіп, сонда орналасып оқуға арналған;
3. Мектептің құрылысын қаржы жиналуына қарай екі облыстың бірінің әкімдігімен келісіп бастап кетеміз.
4. Мектеп таза қазақ ұлттық мектебінің концепциясымен жасақталып, ұлттық мектептің үлгісіне айналады.
Мүмкін мектеп салатын деңгейдегі қаржы жиналмайтын шығар, бірақ ойға алған мақсатты қалай да орындаймыз. Ержігіттің мойнындағы қыл арқан шірімейді, сондықтан түбі соңына жеткіземіз!
Біздің мақсатымыз — ұлттық тәрбие мен құндылыққа негізделген, тек қана қазақ тілінде сапалы білім беретін мектеп ашу. Солтүстік өңірді таңдауымыз да бекер емес.
Көп түкірсе — көл, көп жұмылса — береке!
Ұлттық мектеп-интернатына аз да болса үлес қосыңыз!
Тел: 8702 931 8008

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Өте дұрыс шешім! Бұл бағытта ұстазымыз Алма Қыраубаева апайымыз Алматының іргесіндегі Жандосов ауылында мектеп ашып, аз уақытжұмыс жасаған болатын. Өкінішке орай, қаржы жетіспегендіктен жабуға мәжбүр болды. Бағдарламасы да дайын. Сол ізбен жұмыс жасасаңыз, еш өкінбейсіз. Сізге көп көмегі тиері сөзсіз.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп медицинасына биыл 26,1 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыруға 2022 жылға 26,1 млрд теңге қарастырылған. «2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған...

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар...

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен. «Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және...

Елордада мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен рөл атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің...

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның...