29.05.2024

Шымкенттік оқушылар әскери ұшақтарға отырды

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Шымкенттегі мектептердің жүзден астам оқушысы әуе базасына барды.

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, кішкентай қонақтар заманауи әскери ұшқыштардың қалай ұшатынын көрді, әскери ұшақтардың шанақтарын тамашалады, тіпті ұшқыштың орнына отыруға мүмкіндік алды.

«Оқушыларға әуе базасы командирінің орынбасары, подполковник Азамат Нұрахметов жол көрсетіп, әскери авиациямен таныстырды. Экскурсия алдында балаларға бөлім аумағында өзін қалай ұстау керек, не істеуге болады және не істей алмайтыны туралы айтылды. Қауіпсіздік шаралары әскери бөлімде жоғары деңгейде сақталды. Ұшқыштар үнемі өздерін дамыту үстінде, теориядан басқа, олар жерде, содан кейін ауада жаттығулар жасайды», – делінген хабарламада.

Экскурсия барысында оқушылар әскери ұшқыштардың күнделікті өмірінен, Әуе қорғаныс күштерінде қызмет ету ерекшеліктері туралы мәлімет алды, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен танысты. Әскери ұшқыштар авиациядағы қызмет тәжірибелерімен бөлісті, ұшуларды орындау кезіндегі ұмытылмас әсерлерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, балалар үшін әуеайлаққа арнайы СУ-25 шабуылдау авиациясының жаңартылған ұшақтары, Ми-35М, Ми-171Ш соққы және көлік тікұшақтары, жерүсті жауынгерлік және арнайы техника үлгілері қойылды. Офицерлерлермен бірге оқушылар жауынгерлік ұшақтың кабинасында отырды, штурвалды ұстады, пилоттың кабинасындағы аспаптарды көрді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА