13.06.2024

Семейде оқушы сыныптасын өлімнен құтқарып қалды

Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен сыныптасын құтқарып алған оқушының ерлігіне ел тәнті болды.

Бұл туралы фейсбуктегі парақшасында блогер Александр Цой жазып, бөлісті.

Семейдегі Чайка ауданында он бір жасар бала абайсыздық танытып, Ертіске құлап кеткен. Су әлі суық, оның үстіне оқушы жақсы жүзбейді екен. Көп ұзамай ол есін жоғалтып, суға бата бастайды. Сол кезде оны байқап қалған сыныптасы Руслан Омаров жүзіп барып, оны судан шығарып қана қоймай, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Бұл кезде оқиға куәгерлері полиция мен жедел жәрдем шақырған. Жасөспірімді дәрігерлер ауруханаға жатқызған.

Сыныптасының өмірін сақтап қалған батыр — №11 мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Омаров.
Әлеуметтік желіде жас баланың ерлігіне ел тәнті болып, ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақтың батыр ұлдары көбейе берсін!

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА