-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

ҰБТ: Квота кімдерге беріледі?

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев мемлекеттік гранттар квота бойынша қалай бөлінетінін түсіндірді.

Оқуға түсуге арналған жеңілдіктер, квоталар туралы толық ақпарат бересіз бе? Олар қалай бөлінеді? Мысалы, ауылдық, әлеуметтік осал топқа арналған және қандастар квотасы. Қандай да бір өзгерістер бар ма? – деп сұрады журналистер БҒМ өкілдерінен.

Бізде негізгі 9 квота бар, — деп жауап берді ол.

Тойбаев квоталарға жеке тоқталып өтті.

Олар:

1. Көпбалалы отбасыларға – 5%-дық квота;

2. Толық емес отбасыларға — 1%-дық квота;

3. Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға — 1%-дық квота;

4. Қандастарға — 4%-дық квота;

5. Жетім балаларға — 1%-дық квота;

6. Ұлы Отан соғысына қатысушыларының және мүмкіндіктеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%-дық квота;

7. Ауыл жастарына — 30%-дық квота;

8. «Серпін» бағдарламасы бойынша — 10%-дық квота;

9. Мүгедектігі бар балалар үшін — 1%-дық квота.

Бұл квоталар бойынша ешқандай өзгерістер жоқ. Бірінші кезекте осы топтардан шыққан балалар үшін гранттар беріледі. Мысалы, былтыр және алдыңғы жылдары жетім балалар санатындағы барлық балаға грант берілді. Биыл да осы бағытта жұмысты жалғастырамыз, — деп түсіндірді Әділет Тойбаев.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...