Home Жаңалық ҰБТ тапсыруға бір күнде 114 мыңға тарта оқушы өтінім берді

ҰБТ тапсыруға бір күнде 114 мыңға тарта оқушы өтінім берді

0
ҰБТ тапсыруға бір күнде 114 мыңға тарта оқушы өтінім берді

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы қанша талапкерден өтінім түскенін жариялады.

«ҰБТ тапсыруға құжат қабылдаудың алғашқы күнінде 114 мыңға жуық өтініш түсті» деп мәлім етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталған еді.

Ол 14 мамырға дейін жалғасады.

ҰБТ-ға қатысу үшін орталықтың ресми сайтында тіркеуден өтуге болады.

Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.

Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.

Биылғы ҰБТ қалай өтетінін бұған дейін түсіндірген болатынбыз.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here