27.07.2024

ШҚО-да қазақ тілі пәні мұғалімдерінің жартысына жуығының білім деңгейі төмен

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қазақ тілі мұғалімдерінің 49%-ның білім деңгейі төмендігін мәлімдеді.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында Даниал Ахметов Шығыс Қазақстандағы балалардың қазақ тілін дұрыс білмеуінің себебі ұстаздардың кәсіби деңгейінің төмендігінен екендігін айтты.

«Талдау көрсеткендей, қазақ тілі мұғалімдерінің 10 пайыздан астамының білім деңгейі оқушылардың деңгейінен сәл ғана жоғары. Ұстаздардың 49 пайызы өздері сабақ беретін пәнді жетік білмейді. Ал 36 пайызында базалық білім бар», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ орыс тілі мұғалімдерінің 28 пайызының білім деңгейі төмен. Қазіргі уақытта бұл педагогтар арнайы оқудан өтуде.

«Қазақ тілінің 2200 мұғалімі қайтадан партаға отырып, білімдерін арттыруда. Ағылшын тіліне қатысты мұндай мәселе жоқ. 4 мың ұстаз біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білім сапасы 53 пайыздан 62 пайызға артты», – деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 27 кардиолог дәрігер жетіспейтіндігін хабарлаған едік.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Педагогтардың деңгейін көтеру үшін курсқа жібересіздер, ол курста пән бойынша, яғни, қазақ тілі пәнінен грамматика, морфология сынды салаларды, әдебиеттен ақын-жазушылардың шығармаларын үйретпейді ғой, тек бағалау, сабақ жоспарын жазу деген сияқты барлық мұғалімге қатысты білімді үйретеді

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА