16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Медициналық білім гранттарының саны 5 мыңға дейін көбейтіледі

Медициналық оқу гранттарының саны 5 мыңға дейін көбейтіледі. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенаттың баспасөз алаңында айтты.

«Бүгінгі таңда республикада 70 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді. Бүкіл өңірлерден 3900-ден астам дәрігер керек деген ұсыныс бар. Жылына 6000-нан астам дәрігер, соның ішінде 2000-нан астам көпбейінді дәрігер даярланады. Осы 3900 дәрігердің ішінде 2000-ы — алғашқы медициналық көмек көрсететін учаскелік дәрігерлер. Жалпы практикалық дәрігерлерге сұраныс көп. Олардың жартысынан көбі ауылдық елді мекендерге қажет», — деді ведомство басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.

Министр әсіресе қандай мамандар тапшы екенін атап өтті.

«Сонымен қатар стационарларда жұмыс істейтін анестезиолог, реаниматолог дәрігерлер, акушер-гинеколог дейтін дәрігерлерге, педиатрия саласында неонатологтерге сұраныс көп», — деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ол бұл тапшылықты азайту үшін қандай шаралар қолға алынғанынан ақпар берді.

«Министрлік жыл сайын бюджеттен грантпен оқитындардың санын көбейтіп отыр. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша жыл сайын гранттың саны көтеріліп, 5000-ға дейін жеткізіледі. Қазір оның саны 4500-ден жоғары.

Сонымен бірге әкімдіктер өздері грант бөліп отыр. Кейінгі кезде кейбір медициналық ұйымдар өз емханаларына өз қаражаты есебінен қажет мамандарды резентурада дайындата бастады», — деді министр.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Заңы қабылданды .

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...