23.05.2024

Оқушыларды мектепке тасымалдаудағы заңсыздықтар үшін 53 лауазымды тұлға жазаланды

Ақмола облысында балаларды мектептерге автобуспен тасымалдау кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы балаларды жалпы білім беретін мектептерге автобустармен тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуына талдау жүргізді.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тексеріс кезінде көлік құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің тиісті санаты болмаған жүргізушілердің мектеп автобустарымен балаларды тасымалдағаны анықталды.

«Бұдан бөлек, көлік құралдарының жүргізушілері міндетті рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізіліп тұрмағаны, мектеп автобустарын өрт сөндіргіштермен және алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишаларымен жабдықталмағаны белгілі болды. Осылайша, балалардың өмірі мен денсаулығына қауп төндірілген», – деді мекемеден.

Прокурорлардың актілері бойынша облыс мектептері мен аудандық білім бөлімдерінің 53 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке және 10 автобус жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды.

«Көрсетілген салада анықталған заң бұзушылықтар жойылды, мектеп автобустарының жүргізушілеріне және көлік құралдарына қойылатын талаптар нормаға сәйкес келтірілді», – деп түйіндеді прокуратурадан.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА