-14 C
Нур-Султан
01.12.2022

Ауылдағы 11-сынып оқушысы АҚШ-тағы 8 университеттің грантын жеңіп алды

Жанерке Зейлбекова Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінде оқиды. 9-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгеруге ден қойған. Семинарлар мен курстарға қатысып, білімін жетілдірумен келеді. Басты мақсаты — Назарбаев университетіне түсу болатын.

Ол былтыр шетелдік университеттер жариялаған онлайн олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, бағын сынап көреді. Соның нәтижесінде АҚШ-тағы 8 университеттен оқуға шақырту алып отыр.

«Жанерке — өте зерек оқушы. Қашықтықтан оқу форматына ауысқан кезде уақытын босқа өткізбей, ағылшын тілі бойынша сабақтарға қатысып жүрді. Репетитор жалдап, онлайн дәріс алды. Мінезі салмақты, қарапайым ғана ауылдың қызы. Ешқандай гимназия, лицей емес, жәй сыныпта оқиды. Бостан, Нью-Йорк, Чикаго қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарынан шақырту келіпті. Біз ауыл болып қатты қуанып жатырмыз», — дейді мектеп директоры Қалдыгүл Тұрсынбекова.

Қазір Жанерке алдағы емтихандар мен сынақтарға дайындалып жатыр. Құжаттарын Түркия университеттерінің біріне де өткізіп қойған. Білімді шәкірт жетістікке жетуіне себепші болған ұстаздарына дән риза. Ал өзі келешекте дәрігер болуға талпынып отыр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...