07.05.2024

​Сіз 1-сыныпқа құжаттарды тапсырдыңыз ба?

Мектептерге 1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін ата-аналардан 13 мыңнан астам электрондық өтініш келіп түсті. Ал бүгінгі жұмыс күнінің басынан бері өтінімдер саны 3 мыңнан асты.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және eGOV.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған жүйенің басты артықшылығы — барлық процестердің айқындығы, максималды ашықтық және қолдануға ыңғайлы жағдай жасау. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді, бұл өзінің оң нәтижелерін беруде.

Естеріңізге сала кетейік, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Қажетті құжаттар:
— Баланың туу туралы куәлігі;
— 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 3х4 көлеміндегі фотосурет.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА