-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында оқушылар ат жарысында сынға түсті

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында оқушылар ат жарысында үздіктерді анықтады.
Тай жарыста 15 шабандоз бақ сынады.

«Ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде ат спортын дамыту – Ұлытау ауданы үшін маңызды міндет. Балаларға кішкентай кезінен бастап атқа, ат жарысына деген сүйіспеншілікті сіңіруге тырысамыз, сол арқылы оларда спорттық рух пен көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелейміз. Тай жарыс жергілікті әкімдік пен тұрғындардың қолдауымен ұйымдастырылды», — деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Жарысқа қатысушылар белгіленген шеңберді төрт рет айналып өтуі керек болды. Нәтижесінде 15 жастағы Қыран Серік жеңіске жетті.

«Қыран бала кезінен жылқы малын жақсы көреді. Бұл менің әкемнің балама сіңірген ерекше махаббаты. Әкем оны атқа отыруды ғана емес, сонымен бірге жылқыны жаратуды, баптауды да үйретті. Ауылда менің ұлымды және оның асау аттарды үйрететінін бәрі біледі. Ауданымызда ұлттық спорт түрлері дамып келе жатқанына қуаныштымын. Бұл балаларды тәрбиелеуге көмектеседі», — деді оқушының анасы Гүлсұлу Балдуова.

Бірінші орын үшін Қыранға теледидар сыйға тартылды. Сондай-ақ, «Сарын Сай» шаруа қожалығының басшысы Асқар Бектемісов жас шабандозға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті.

Екінші және үшінші орындарды ағайынды шабандоздар Әсет пен Серікболсын Сайлау алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Агата Мухамеджанова

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...